Сіз жаңа ғана сүйікті Аёкамыздың өміріндегі 22 жылдың парақтарын бірге ақтарып шықтыңыз. Біріңіз біздің қызымыздың осы кезеңдерінің бәріне куә болсаңыз, енді біріңіз оны кейінірек кездестірдіңіз. Бірақ қалай болғанда да, бәріңіз де Аяулым үшін де, біз үшін де өте қымбат жандарсыздар. Ал қазір сіз бұл жолдарды өміріндегі тағы бір маңызды сәт — Аяулымды отбасылық өмірге шығарып салу қуанышымен бөлісу үшін оқып отырсыз.
Сіздерді қызымыз Аяулымның Ұзату тойына арналған ақ дастархамыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз.